Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік тапсырысы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үздік жас маман – 2021» облыстық байқауы қорытындыланды.

Байқауға 100-ге жуық әр саланың жас мамандары құжаттарын ұсынған. Азаматтық институт өкілдерінен, қоғам белсенділерінен құралған комиссия шешіміне сәйкес 10 жас маман 8 номинация бойынша марапатталды.

• «Үздік жас мәдениет қызметкері» номинациясы бойынша Шуақбай Ақнұр Серікқызы және Мырзалиева Гүлнар Найзағұлқызы;

• «Үздік жас педагог» номинациясы бойынша Жақсылыққызы Айнұр және Майлыбаева Алмажан Нұржанқызы;

• «Үздік жас ІТ маманы» номинациясы бойынша Қорғанбек Досжан Темірханұлы;

• «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша Шарапат Раушанбек Айбекұлы;

• «Үздік жас әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша Көшербаева Зәуреш Болатқызы;

• «Үздік жас ауылшаруашылық қызметкері» номинациясы бойынша Болатбек Нұрдәулет Болатбекұлы;

• «Үздік жас құрылысшы» номинациясы бойынша Баймұрза Әсетхан Қазиханұлы;

• «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша Жұмадинова Гүлдана Нұртайқызы.

Тағы да оқыңыз: