Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында азаматтық қоғамның даму мәселелері талқыланбақ. Шаралар 9 -17 қыркүйек аралығында ашық жиналыс форматында өтеді.
Қоғамдық тыңдау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен КЕАҚ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қаржысымен «Қызылорда облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылып жатыр.
Жиынның кестесі:
«Еріктілер бастамасы: Даму. Мотивация. Тәжірбие». 9 қыркүйек сағат 12.00. Қармақшы ауданындағы Жыраулар үйінде.
«Еріктілер бастамасы: Даму. Мотивация. Тәжірбие». 9 қыркүйек сағат 16.00. Сырдария ауданы ішкі саясат бөлімі ғимаратының конференц-залында.
«Үшжақты өзара серіктестік тетіктерін жақсарта түсу жолдарының нақты ұсынымдарын талқылау». 11 қыркүйек сағат 16.30. Шиелі ауданы «Арман» мәдениет үйі.
«Жергілікті қауымдастық мәселелерін шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі». 16 қыркүйек сағат 11.30. Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залы.
«Жергілікті қауымдастық мәселелерін шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі». 17 қыркүйек сағат 11.30. Арал қаласындағы «Абай» кітапханасында.
Ұйымдастырушы: «Умай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі үкіметтік емес ұйымы.
Қоғамдық тыңдау жұмысына Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары өкілдері, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері, сондай-ақ кез келген қатысуға ниет білдірген үкіметтік емес сектор еріктілері қатыса алады.
Қатаң карантин жарияланған жағдайда қоғамдық тыңдау онлайн режимде бейнебайланыс арқылы Zoom желісінде өткізілетін болады. Қоғамдық тыңдаудың құжаттары npokzo.kz сайтының «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде орналастырылатын болады.