Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысының тұрғыны «Whats App» мессенджері арқылы жалған жобалар сайтын ашқан. Азаматтарға аталған жобаның есеп-шотына  ақша салса, үстіне 60 пайыз үстемақы табыс табатындарын айтып, сенімдеріне кірген. 

Қылмыскер азаматтардың салған ақшалай қаражаттарын алаяқтық жолмен иемденіп кеткені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының  3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп танылып, оған 2019 жылғы 10 шілдедегі  Қызылорда қалалық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше  жыл басынан бері алаяқтық жасағаны үшін ұсталған 242 қылмыскердің 160 әйел.  Сонымен қатар ғаламтор желісі арқылы жасалған алаяқтықтың 189 дерегі орын алған.

Тағы да оқыңыз: