Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы полиция департаментіне 51 жастағы Сырдария ауданының тұрғыны алаяқтық ісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, азаматша «несие алып беремін»-деп 550 000тг көлемінде қомақты ақша алып, алдап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының барысында, 48 жастағы Сырдария ауданының тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар, күдікті азаматшаның бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық жасағаны анықталып, қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық.

«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің  190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық)   бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: