Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі тұрғын үйде өрт шығып, екі адамды түрлі деңгейде күйік шалған.

Өрт салдарынан 46 жастағы азаматтың денесінің 5-10 пайызын күйік шалып, жағдайы орташа деп есептелді.

Ал, 20 жастағы жігіттің денесінің 50-60 пайызы жарақаттанып, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

«Жарақат алған азаматтар облыстық медицина орталығына жатқызылды. Дәрігерлердің қарауынан кейін 1974 жылғы азамат үйіне қайтарылды. Өртенген үй тұрғындары уақытша туыстарының үйіне орналастырылды», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.

Тағы да оқыңыз: