Қызылордада тұрғын алаяққа алданып, ақшасынан айырылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада тұрғын алаяққа алданып, ақшасынан айырылды

11.10.2021, 17:20

290 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полиция қызметкерлері «ақшаңызды бағдарламаға салып, екі еселеп беремін» деп алаяқтық жасаған азаматшаны ұстады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 35 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Арызданушының сеніміне кіріп, ақшаңызды бағдарламаға салып екі еселеп беремін деп, ақшаны алдап алған. Күдікті жәбірленушіден жұмыс ақысы үшін 1 миллион теңге қаражатын алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмыстары болмаған, не қаражаттарын кері қайтармаған.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары барысында 44 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3,4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.