Kyzylorda-news.kz. Қызылордада өткен жылдың эпидмаусымымен салыстырғанда биыл тұмауға шалдыққандар 12 пайызға артып отыр.  

Қазіргі таңда облыста жедел респираторлы вирусты инфекциясының 5872 жағдайы есепке алынған. Бұл көрсеткіш былтырғы 1 қазан мен биылғы 9 қаңтар аралығын қамтиды. Ауруға шалдыққан тұрғындардың басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Олардың жалпы саны 4235 адамға жетті, ол 72,4 пайызға жуық. Ал 16,7 пайызы 1 жасқа дейінгі балалар еншісінде.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Идрисованың айтуынша, тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2019-2020 жылдардағы эпидмаусымына 80 мың доза вакцина сатып алынған. Бүгінгі таңда 78199 адам екпе қабылдады. Ол егілуге жататын контингенттің 100 пайызын құрайды.

«Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүргізілуде. Аурудың алдын алу, эпидемиологиялық ахуалды күрделендірмеу бағытында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап тұрғындар арасында түсіндірме жүргізілуде»,- дейді Әлия Идрисова.

Тағы да оқыңыз: