Қызылордада тұман түсіп, көктайғақ болады – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада тұман түсіп, көктайғақ болады

17.01.2022, 9:00

380 0

Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет 17 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Баренц теңізі аудандарынан белсенді циклон бұрынғысынша жаңбыр мен қар түрінде мол жауын – шашын әкеліп, ҚР басым бөлігінің ауа-райына, Қазақстанның оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын әкеледі. Сондай-ақ, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.