Kyzylorda-news.kz. 5 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Бұл, Оңтүстік Каспий циклонымен және атмосфералық фронттармен байланысты. Осыған орай, жекелеген өңірлерде жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыста түнде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болжанады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел болады.
Ақмола облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді.
Жамбыл, Алматы облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады.

Тағы да оқыңыз: