Kyzylorda-news.kz. Қызылордада түзеу мекемесіне есірткі, телефон лақтырмақ болған екі адам ұсталды.

Қызылорда облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің өндірістік аймағына сотталғандардың пайдалануы мен қолдануына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған екі азамат ұсталды. Жедел түрде мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

«Тексеру барысында азаматтардан 20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 10 дана өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес зат және скотчпен оралған 3 телефон тәркіленді. Тәркіленген зат бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде оның салмағы 62,02 грамм марихуана екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінен.

Тағы да оқыңыз: