Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің тыйым салынған аумағына тыйым салынған затты қоршаудан лақтырған күдікті ұсталды.
Мекеме қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде 20 грамдық щприцке тығыздалып, скотчпен оралған жасыл түсті өткір иісті кептірілген шөп тапты.
Қызылорда ҚПБ-ның жедел тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған зат тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен оның 15,16 грамм кептірілген марихуана екені анықталған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
«Жазасын өтеп жүрген сотталғандардың туған-туыстары, таныстары тыйым салынған заттарды әр түрлі әрекеттермен өткізбекші болады. Олар әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын біле тұра осындай қадамдарға барады. Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабымен 2 азаматқа айыппұл салынып, 3 азаматқа ескерту берілсе, 5 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,- дейді департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Мұрат Нәкенов.