maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz.  Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында  қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу, болдырмау бағытында  мемлекеттік мүдделі органдармен білім, прокуратура, ішкі саясат, «Жас отан»  жастар қанатымен бірлесіп, 24-27 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара қорытындысымен полиция органдарына барлығы 292 кәмелетке толмаған жеткізілсе, оның ішінде 264 кәмелетке толмағанға әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, 8-і қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін,  ал қалған  19 қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін әкелінді.

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 16 ата-анаға хаттама толтырылса,  ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 223 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау)  22  кәмелетке толмағана және 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық)  бойынша  8 заңды өкілдеріне хаттамалар рәсімдеп, тиісті шаралар көрілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 17 кәсіпкер,  жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімін сатқаны үшін  8  сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында  профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табуда.

Тағы да оқыңыз: