Kyzylorda-news.kz. Қойылған шектеулер мен карантиндік шаралардың сақталуын бақылау үшін құрылған 24 мониторингтік топ бүгінгі күнге дейін 140-қа жуық той өткізген тұлғаларды анықтап, айыппұл салды.

Мониторинг барысында шекті уақытқа қарамай, жұмысын жалғастырған бірқатар түнгі кафелер де анықталды. Жұмысшы топпен 2486 рейдтік тексеріс жүргізіліп, облыс бойынша жеке тұлғалар және бизнес субьектілері тарапынан 602 карантин талаптарын бұзу фактілері орын алды. Нәтижесінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 миллионға жуық айыппұл салынды.

“Әкімшілік шараға тартылмаудың бірден-бір жолы қолданыстағы қаулының талаптарын қатаң сақтау қажет. Қазақта жақсы сөз бар «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген. Әр адамның денсаулығы мықты болуы өз қолында. Сондықтан сақтық шараларына аса мән берейік”, – деді Қызылорда облысы бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова.

Тағы да оқыңыз: