Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған «салафиттер» жазаланды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған «салафиттер» жазаланды

30.04.2020, 18:30

1603 7

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 26 сәуірдегі түнгі рейд жүргізген полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзған 5 деструктивті діни ағымдар өкілін ұстаған.

Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында жиналғандардың уақыт шектеуіне қарамастан топталып, әртүрлі шаралар өткізуге, қонаққа баруға, Рамазан айында қаланың әр тұсында тұратын жолдастарының үйіне ауыз ашарға баруға әрекеттенгендері анықталды.

Сондай-ақ ауыз ашу рәсімінен кейін аталған азаматтар кездесуді моншаға түсумен жалғастырғаны белгілі болды.

Түсіндіру жұмыстарынан кейін режимді бұзушылар кінәларын толық мойындады. Осыған байланысты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабының 6-тармағымен хаттама толтырылып, сот шешімімен айыппұл салынды.