Kyzylorda-news.kz. «Самара-Шымкент» тас жолында Қармақшы ауданының 49 жастағы тұрғынының басқаруындағы жеңіл шетел автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде артқы жүк салғыштан 16 калибрлі қос ауызды аңшы мылтығы анықталды. Алынған мылтық ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.
Мылтық айғақ зат ретінде алынып, Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 бабымен әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.