Kyzylorda-news.kz. Тергеу изоляторында тыйым салынған зат тәркіленді.
Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем – сауқаттарды қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына бірнеше ұялы телефон салып өткізбекші болған азамат ұсталды.
Нақтырақ айтар болсақ, Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесіне келген азамат 1994 жылы туған айыпталушыға алып келген сәлем-сауқатын тексеру барысында, тамақ өнімінің ішінен 2-дана қара түсті «PRO» маркалы ұялы телефоны және 1-дана қара түсті І «teхet» маркалы ұялы телефоны мен 1-дана қуаттағышы, 3-дана «билайн» сим картасы табылып, тыйым салынған заттар тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.