Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.

Арызда көрсетілгендей, «Шымкент – Самара» тас жолының бойында орналасқан жер телімдерінің бірінде тұрған темір гаражы ұрланған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрайды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер шұғыл әрекетке кірісті. Куәгерлерден жауап алып, қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде полицейлер қылмыстың ізін суытпай, күдіктіні анықтады. Ол сол аймақтың тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тағы да оқыңыз: