Kyzylorda-news.kz. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда  облысы бойынша  департаменті «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалымен бірлесіп «Техникалық реттеу және экспорт алгоритмдері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиынның мақсаты экспорт елдерінің стандарттарын, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын енгізу және қолдану мүмкіндігіне бизнесті уақтылы ақпараттық қолдау болып табылады.

Қатысушылар назарына бес басым елдің: ҚХР, Түркия, БАӘ, Иран және Германия (органикалық өнім бөлігінде) техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестігін бағалау жүйелеріне, сондай-ақ аталған елдерге тамақ және өнеркәсіп өнімдерін экспорттау алгоритмдеріне шолу ұсынылды.

Отырысқа мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, экспортқа бағытталған мүдделі кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ онлайн режимде аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкерлер қатысты.

Шара барысында кәсіпкерлердің белгілі бір мәселелер бойынша пікір алмасуда ДКТРМ және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Кызылордалық филиалы мамандары нақты жауап берді.

Тағы да оқыңыз: