*Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында таза су айдындары акциясы жалғасын табуда.*
Су және жағалау маңындағы аумақтар синтетикалық материалдардан жасалған аулармен ластануда, олар ұзақ уақыт бойына шірімейді, оған түскен балық шыға алмай, өліп қалады. Балықтан басқа, ауларға суда жүзетін құстар да ілінсе, шыға алмайды, нәтижесінде су айдындарының санитарлық жай-күйі нашарлайды.
Мұнан бөлек су жағалауы да әр-түрлі заттармен айтарлықтай ластануда. Бұл қоршаған табиғи ортаға және су биоресурстарына үлкен зиян келтіруде.
Акцияның басты мақсаты осы су айдындарын суда қалдырылған және заңсыз орнатылған ауларды сүзу және жағалауды қоқыстан тазарту.
«Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» жергілікті жердегі «Майкөл»,«Бегім» көлдеріне «Таза су айдындары» экологиялық акциясы аясында тазалау жұмыстарын жүргізді.
Акцияға 2 техника, 8 адам жұмылдырылып, соның нәтижесінде 500 кг жуық қоқыс қалдықтары шығарылып, арнайы қоқыс тастайтын орынға апарып тасталды.
