Kyzylorda-news.kz. Облыс көлемінде өтіп жатқан «Заңсыз тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шараның 2 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзған 28 дерек тіркелді.
Оның ішінде 6 жүргізуші тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан. 1 адам лицензиялау нормаларын бұзып, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған 19 дерек тіркелді.
Сонымен қатар, 2 жүргізушіге жолаушыларды тасымалдау кезінде рейс алдындағы техникалық немесе медициналық тексеруден өтпесе де көлік жүргізуге рұқсат берілген.