Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында 22 қаңтар күні сағат 10:30-да қос кітаптың тұсаукесері өтеді. Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырады.

Кітап – адамзат ақыл-ойының  інжу-маржанын  ғасырдан ғасырға  ұрпақтан -ұрпаққа жеткізіп беретін  ғажайып құрал екені белгілі. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» орталығының бастамасымен, орталық бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты С. Қосановтың басшылығымен Алаш қайраткері, атақты шайыр Тұрмағанбет Ізтілеуовтың жаңадан табылған қолжазбасы негізінде «Алаштың асыл мұрасы» атты шығармалар жинағы жарық көрді.

Т.Ізтілеуұлының жаңадан табылған бұл қолжазбасы мазмұны жағынан бұрынғы аталған мұраларынан елеулі ерекшелігі бар аса бағалы жинақ.

Сондай-ақ оқырман назарына ұсынылып отырған «Сыр бойының сакральді ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаялар» атты фольклорлық жинақ Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және атты стратегиялық мақаласында айқындалған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнаулы жоба аясында әзірленген. Жоба авторы және басылымның ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы Серікбай Қосан.

Байланыс телефоны: Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, 8(7242)302002;

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы 8(7242)303855.

Тағы да оқыңыз: