Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 46 жастағы әйел танысынан қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап, оның шотынан 200 мың теңгені «Каспий банк» қосымшасы арқылы өз шотына аударып алған.
2 күннен кейін жәбірленуші шотта ақшаның жоқтығын байқап, ұрлық бойынша арызбен Қызылорда қаласының полиция басқармасына жүгінді.
Күдікті облыс орталығының тұрғыны полиция қызметкерлерімен ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.
“Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.