Kyzylorda-news.kz. Бүгін Тағзым алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.

1995 жылы 7 сәуір күні ел үшін кеудені оққа керген қазақстандық сарбаздар Тәжік-Ауған шекарасында айбынды ерліктің, қайтпас қайсарлық пен беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын.

Шарада қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.

«Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерін қадірлеп-құрметтеуді өзіміздің борышымыз деп білеміз. Кеудесін оққа тосып, өздерін жасындай өмірін тәуекелге тіккен жауынгерлердің ерен ерліктері қанша уақыт өткеніне қарамастан ел есінде, ұрпақ жадында сақталады», – деді Бектас Нұридинов.

Сондай-ақ, Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың ардагерлер одағының Республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы алғысын білдірді.

Шара барысында Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. Ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды.

Тағы да оқыңыз: