Қызылордада тәртіпсіздік кезінде әскери «Камазды» тізгіндеген азамат ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада тәртіпсіздік кезінде әскери «Камазды» тізгіндеген азамат ұсталды

13.01.2022, 11:00

1523 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына кіріп, әскери «Камаз» жүк көлігін тартып алып, өзі тізгіндеген.

Тартып алынған автокөлікті тізгіндеу кезінде қала орталығында орналасқан Жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камераларын автокөлікпен соғып, сындырған. Әрі қарай бүлікші азамат Қызылорда облысы ПД Жергілікті Полиция қызметі басқармасының ғимаратының кіре беріс қоршауын әскери көлікпен сындырып, бүлікшілерге өз ойларын іске асыруға жол беріп, өзі оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 272–бабының 2-бөлігі (Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу) және 202 бабының 2–бөлігінің 1– тармағымен (Өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы таңдалды.

0

Пікір қалдыру