Kyzylorda-news.kz. Елімізде орын алған Төтенше жағдай салдарынан Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 292 азамат жеткізілді. Ал уақытша ұстау абақтысына 72 адам қамалды.

Өңірде антитеррорлық операция жалғасып жатыр. 5 қантар күні қала аумағында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасы бойынша 52 адам анықталып, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 202 бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру), 255 бабы (Терроризм актісі)​ 269 бабы (Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу) 380 бабы (Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп –тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: