Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов пен аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Сермағамбетов арасында кездесу өтті. Кездесу  барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінің алдын-алу саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық сот, облыстық білім басқармасы, «Қызылорда электр тарату торабы компаниясы» акционерлік қоғамы және т.б. 10 мекемемен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырған.  

Тағы да оқыңыз: