Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында су басу қауіпі бар Сырдария өзенінің 73,8 шақырымды құрайтын 15 учаскесі жөнделуде. Қазіргі таңда 8 аумақтың қорғаныс бөгеттері нығайтылып, арнасы тазартылды. Қалған жетеуінде жұмыстар жалғасуда.

“Облыста су тасқыны болған жағдайда 156 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 84 эвакуациялық жинақтау және 101 қабылдау пункті дайын. Сондай-ақ, су басу қаупі бар аймақтар учаскелерге бөлініп, оған 126 мекемеден 411 арнайы техника және 1269 адам бекітілді. Бұған қоса, Шардара су қоймасынан жіберілген суды облыс аумағынан қауіпсіз өткізу мақсатында өзендегі судың деңгейі мен ауа райы күнделікті бақыланып, Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстары жүргізілуде”, – деді облыстық ТЖД бөлім басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Әшімов.

Тағы да оқыңыз: