Kyzylorda-news.kz. ҚР Президентінің төтенше жағдайды енгізу туралы жарлықтарының негізінде Қызылордадағы ҚАЖ мекемелерінде биылғы жылдың 19 қаңтарына дейін шектеу шаралары енгізілген болатын. Шектеу шараларын қолдану кезеңінде ҚАЖ мекемелерінің ішкі күн тәртібі уақытша өзгертілді.

Кездесулердің барлық түрлері және телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде бейнебайланыс арқылы сөйлесулер шектелген болатын. Алайда, төтенше жағдай режимі аяқталған соң кездесулер жанданып, телефон арқылы сөйлесулер жолға қойылды.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі жазасын өтеушілер отбасымен телефон арқылы байланысқа шығып, балаларын көріп, отбасының амандығын біліп, көңілдеріне медеу тұтып, бір қуанып қалды.

«Төтенше жағдай режимі кезінде отбасыммен сөйлесе алмадым. Қазір ғана балаларыммен сөйлесіп амандығын біліп, қуанып отырмын. Мен үшін отбасымның амандығы бірінші кезекте, балаларым баға жетпес байлықтарым. Аман –есен жазамды өтеп отбасыма тезірек оралсам деймін. Балаларыммен сөйлесуге мүмкіндік берген мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз», – деді сотталған азамат.

Тағы да оқыңыз: