Қызылордада сотталғандар флюрографиялық тексерістен өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада сотталғандар флюрографиялық тексерістен өтті

10.09.2021, 11:40

341 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің дәрігерлік денсаулық бекетінің атқарып жатқан істері аз емес. Мекеменің дәрігерлік денсаулық бекетінде бір фельдшер, бір мейірбике жұмыс жасайды. 

Медицина қызметкерлері бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығына сәйкес, сотталған азаматтарды әрбір 6 ай сайын флюорографиялық тексеруден өткізеді.

Мекемеге облыстық фтизиопульманологиялық ауруханасынан жылжымалы флюкар автокөлігі мен дәрігерлері келіп, 160-тан астам сотталған азаматты флюорграфиялық тексерістен өткізді.

Мекеменің фельдшері әділет кіші лейтенанты Ж.Иманбектің айтуынша сотталғандарды флюорографиялық тексеру барысында мекемеішілік туберкулез ауруы анықталмаған. Бірінші кезекте сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы медициналық көмек көрсетіп, аурудың алдын алу  маңызды дейді мекеме фельдшері.

0

Пікір қалдыру