Kyzylorda-news.kz. Арал теңізінің тартылуы салдарынан құрғаған ұлтанда топырақтың тұздануы артты.

Қазіргі таңда топырақ тұздануын азайту және құм көшкінін тоқтату мақсатында құрғаған ұлтанға сексеуіл және галофитті өсімдіктер егу жұмыстары жүргізілуде. Сексеуіл егу жұмыстары жылдың екі мезгілінде екі түрлі әдіспен жүзеге асырылуда. Көктемде көшет егу және күз мезгілінде тұқым себу арқылы жүргізіледі.

Басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері өздерінің уақытша сексеуіл тұқымбағына егіліп, дайындалған сексеуіл көшеттерін қазып, теңіз ұлтанына отырғызу жұмыстарына дайындық жүргізуде.

Тағы да оқыңыз: