Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында шөл даланың падишасы атанған сексеуіл өсімдігін егу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда, Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері сексеуіл тұқымын егу жұмыстарын жүргізуде.

“Сексеуілдің қасиеті, ол – құмды шөлдің қорғаны, яғни, құмды бекітіп ұстап тұрады. Алайда, шөл даланың көркіне айналған, елді-мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге бүгінде жанашырлық танытатындар азайып барады”, – дейді мамандар.

Шөлейтті дала құм көшкінін «кісендеп» ұстайтын, ұлан-ғайыр адырлардың топырағын эрозиядан сақтайтын, атыраптарда тіршілік ететін елді-мекендерді дауылдардан қорғайтын сексеуіл ағашының қасиеттері көп. Сексеуіл ағашының көбеюіне, өсуіне түн ұйқысын төрт бөліп жүрген табиғат жанашырлары – орманшылардың еңбегі орасан зор.

Тағы да оқыңыз: