Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына арналған санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше тәртіп бойынша тексерулер кестесіне сәйкес 52 объекті тексерілді.

Тексері нәтижесінде санитариялық ережелерді бұзған 2 нысан анықталды. Осыған сәйкес, бұл нысандарға 964 745 теңгеге 5 айыппұл салынды.

Облыс көлемінде биылғы жылдың 3 айында орталықтандырылған ауыз судың санитариялық химиялық көрсеткіштеріне 189 су сынамасы алынды. Оның ішінде 12 үлгі белгіленген талаптарға сәйкес келмеді, су сапасының сәйкессіздігі (құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфат көрсеткіштері бойынша) 6,3 пайызды құрады.

Сонымен қатар ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштеріне 253 су сынамасы алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ.

Тағы да оқыңыз: