Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде «Nur Otan» партиясының атынан тіркелген Расул Есенов, Сейткамал Сұлтанов, Самат Ақпамбетов сауда орындарын және аудан тұрғындарына үлгі бола алатын тұлғалардың үйін аралап, партияның сайлауалды бағдарламасы жөнінде ақпарат берді. Іс-шара карантин талаптары сақтала отырып, еркін форматта ұйымдастырылды.

«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында Сырдария ауданын дамытудың негізгі 7 басым бағытын айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау, – деді сауда нысандарында өткен кездесуде Расул Есенов.

Партия белсендісінің сөзін қуаттай түскен Сейткамал Сұлтанов «Nur Otan» партиясының бастамалары тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Өз кезегінде Самат Ақпамбетов халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда цехтарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауданның артықшылықтарын пайдалану қажеттігіне тоқталды және бұл сайлауалды бағдарламада көрініс тапқанын жеткізді.

“Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз –кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға гранттар ұсынуға ықпал ететін болады. Мұнан бөлек мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» жобаларымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға атсалысады”, – деді Расул Есенов.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Тағы да оқыңыз: