Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 10 659 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Ертең тағы да «Спутник V» вакцинасының бес мың дозасы келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймаққа сәуір айының аяғында «QazCovid-in» вакцинасы әкелінеді.

«Жалпы шілде айына дейін 80 мың адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы – вакцина салдыру. Әрине, екпе ерікті түрде жүргізіледі. Дегенмен ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Сол себепті барша халықты коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын сақтауға, екпе салдыруға шақырамын», – деді облыстың бас дәрігері.

Қазіргі таңда 9 ПТР аппараты жұмыс істейді. Тәулігіне 1000-1100 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындаған жағдайда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Тағы да оқыңыз: