*Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы құтыру ауруына қарсы 26 800 мүйізді ірі қараға және мың бас жылқы мен алты мыңға жуық түйеге екпе салынған. Бүгінде бұл ауру бойынша тіркелген жануарлар жоқ.*

“Өткен жылы құтыру ауруының 4 ошағы тіркелген болатын. Ауру ошақтарында тиісті ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп, шектеу алынды. Құтырумен барлық жануарлар мен жабайы жануарлар ауырады. Қазақстанның жағдайында құтырудың ең басты таратушысы-түлкі, ал үй жануарларының ішінде ең жиі шалдығатыны-сиыр. Құтыру ауруы – орталық жүйке жүйесін зақымдап, шашырынды полиэнцефаломиелит арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру. Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіріп жояды, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарлары құтыру ауруына күдік болса, иелері міндетті түрде жергілікті жердегі ветеринариялық пункт мамандарына хабарлауы керек. Осы жылдың тоғыз айында бұл ауруға қарсы 21 550 бас ит пен 4550 бас мысық алдын ала егілді. Жануарлардың барлық түрі бойынша 43 диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Барлығында ауру белгілері анықталған жоқ”, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Тағы да оқыңыз: