Қызылордада құрылыс саласында маман тапшы – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада құрылыс саласында маман тапшы

24.06.2022, 15:57

215 0

Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде жастар жұмыссыздығын төмендетіп, кәсіпкерлікті дамытуға айырықша мән беріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек нарығына қажетті мамандықтарды жастарға таныстыратын «Мүмкіндіктер керуені» жыл басынан бері үшінші рет өтіп, 600-дей тұрақты және маусымдық жұмыс түрі ұсынылды. Шарада жоғарғы және орта арнаулы оқу орнын бітірген түлектерге арналған «Дипломмен ауылға», «Бизнес-Бастау» секілді мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары таныстырылды. Сондай-ақ жас отбасылар тұрғын-үй алу мүмкіндіктері туралы мағлұматқа алды. Жәрмеңкеде адвокат, сот орындаушы және полиция қызметкерлері құқықтық кеңес берсе, дәрігерлер алдын ала тіркелусіз медициналық тексерістен өткізді. Жасөспірімдер жағы тегін үйірмелер мен тілдік курстарға жазылуға ынта білдірді. Мүмкіндіктер керуенінде 19 мекеме өкілі 200-дей жұмысшы таппай жүргенін айтады. Өзге өңірлерден шараға онлайн түрде қатысқан 23 жұмыс беруші де 400-ге жуық маман қажет екенін алға тартты.

«Қала іргесінде ашылып жатқан шыны зауыты бар. Соған осы кезде жұмысқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Жеке мекемелер, ЖШС, жеке кәсіпкерлер санатынан да жәрмеңкеге бос жұмыс орындарын беруде», – дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Абылай Самұратов.