Kyzylorda-news.kz. Биыл облыста құқық бұзушылық профилактикасы бойынша тіркелген қылмыстар 36 пайызға төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы прокуратурасының аппарат басшысы Азамат Баянбайұлы баяндады.

«Қала аумағындағы 14 учаскелік аймаққа полиция органдарымен бірлесіп, маскүнемдік және нашақорлықпен есепте тұрғандармен профилактикалық жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде бұрын сотталғандармен қайта қылмыс жасау 16 пайызға кеміді. Сондай-ақ, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біздің қосымша жылдамдық өлшеуіш, ақылды бейнекамераларын сатып алу туралы ұсынысымыз қолдау тауып, жалпы қала аумағына 13 «Аркан» құрылғысы қондырылса, оның 9-ы орталық көшелерге орнатылды. Тиісінше, жол-көлік қылмысы 21 пайызға азайды.Сонымен қатар, осындай құрылғыларды барлық аудан орталықтарына орнату жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға өз септігін тигізбек»,- деді Азамат Баянбайұлы.

Шиелі, Жаңақорған аудандарында пада ұйымдастыру арқылы ұрлық дерегі азайды. Қазіргі таңда, мал ұрлығы 32 пайызға азайды.

Тағы да оқыңыз: