Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ҚАЖД басшысының бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Осыған дейін, Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының бірінші орынбасары, әділет майоры Т.К. Тұрсынбаевқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті ретінде тергеу шаралары жүргізілген. 

Ол қарамағында жұмыс істейтін адамнан қызмет бойынша қамқорлық және енжарлық үшін 132 мың теңгені пара ретінде алды деген күдікке ілінген еді. 

«26 қарашада Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен лауазымды тұлға кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ол арнайы шенінен айырылып, мемлекетте қызмет істеу құқығынан мәңгіге айырылған», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: