Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс » атты акция аясында өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырды.

Дәрігерлер қызметкерлерді медициналық тексерістен өткізді. Толық тексерістен өткеннен кейін ғана донор болуға дәрігер рұқсат береді. Қызметкерлердің қатарында бірнеше рет донор атанған азаматтар да бар.

«Бір тамшы қан – өмірге араша»  демекші, өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама жандар бар. Қан тапсыру арқылы қаншама адамның денсаулығының жақсаруына қол ұшымызды береміз. Жеке құрам қызметкерлерімен ерікті түрде қан бергеніміз  азаматтық борышымыз, мұқтаж жандарға көмегіміз», – деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Е.Маханов.

Тағы да оқыңыз: