Kyzylorda-news.kz. Терроризмге қарсы операция 12 облыста және екі мегаполисте аяқталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Терроризмге қарсы операция Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жалғасып жатыр. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында қауіптің қызыл деңгейі жойылды. 

Ал Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шаралары жалғасып жатыр.

Тағы да оқыңыз: