Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 4 айында республикалық маңызы бар жолда үй жануарларының қатысуымен барлығы 55 жол-көлік оқиғалары орын алса, оның салдарынан 3 адам дене жарақатын алған.

Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тас жолдардың бойында үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында 40 үй жануарларының макеті орнатылды.

Сонымен қатар жолдың жүріс бөлігінде қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабымен 412 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Республикалық маңызы бар жолдарға кезекшілікке түсетін патрульдік полиция бекет қызметкерлерімен қараусыз жүрген үй жануарларын жолдың жүріс бөлігінен айдау арқылы шығару жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: