Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында қарақшылар шөп тасып жүрген әкесі мен баласын ұрып кетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.

“Қызылорда облысында әкесі мен баласы шөп тиелген жүк көлігімен жолға шығады. Алайда жолда оларға қарақшылар кездесіп, соққыға жыққан. Сол кезде жол-патрульдік полиция қызметкерлері келіп, араша түскен. Полиция қызметкерлері оларды күшпен бағындырып ұстады. Әкесі мен баласы ауруханаға жатқызылды”, дейді Нұрділдә Ораз.

Осы оқиғаға байланысты зардап шеккендердің туыстары полцияға алғыс білдірген.

Тағы да оқыңыз: