Kyzylorda-news.kz. 16 қарашада ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына республиканың солтүстік-шығыс аудандарында орналасқан циклон әсерін тигізеді. Соған байланысты оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады.
Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қызылорда облысының кей жерлерінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.