**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Өткен тәулікте 1452 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының [Telegram](https://t.me/MVK_kz_Covid19) каналында хабарланды.** Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 302, Алматы қаласында – 156, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 99, Ақтөбе облысында – 34, Алматы облысында – 23, Жетісу облысында – 38, Атырау облысында – 36, Шығыс Қазақстан облысында – 41, Абай облысында – 21, Жамбыл облысында – 27, Батыс Қазақстан облысында – 111, Қарағанды облысында – 193, Ұлытау облысында – 12, Қостанай облысында – 87, Қызылорда облысында – 30, Маңғыстау облысында – 43, Павлодар облысында – 110, Солтүстік Қазақстан облысында – 68, Түркістан облысында – 5. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 375 729-ға жетті.