Қызылордада «Қайырымды істер марафоны» жалғасып келеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада «Қайырымды істер марафоны» жалғасып келеді

01.04.2021, 11:43

159 0


Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Қайрымды істер» марафоны аясында Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Волонтерлар фронт-офис» еріктілері, «ҚазГерМұнай» компаниясы ұсынған жарамды компьютерлерді әлеуметтік тұрмысы төмен 10 отбасыға табыстады. Бұл туралы «Волонтерлар фронт офисінің» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов мәлімдеді.

Сонымен қатар 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, 1000 отбасына азық-түлік себеттері үйлестірілді.

«Халық» қайырымдылық қоры, «Қайрымды істер» марафоны аясында  облысымызға жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған 1000 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті. Сондай-ақ облыстық Жастар ресурстық орталығы, Волонтерлар фронт офисінің жанындағы әлеуметтік дүкеннен жыл басынан бері тұрмысы төмен 33 отбасы азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, үй жиhаздарын және демеушілердің қолдауымен, Қызылорда тазалығының 25 жұмысшысына күріш қалталарын табыстады», – дейді Болатбек Айтбенбетов.

Сонымен қатар облыс еріктілері тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыларды да назардан тыс қалдырған емес.

Атап айтар болсақ, облыстық жастар орталығының бастамасымен волонтерлар фронт офисінің еріктілерімен «Ел-Арай» қоғамдық қорымен бірлесе өрттен зардап шеккен Ягодка, Сабалақ саяжайының тұрғындарына тұрмысқа қажетті тауарлар, киім-кешек, компьютер жиынтығы, төсек жабдықтарымен ыдыс аяқтар табысталды.

0

Пікір қалдыру