Kyzylorda-news.kz. Қараша айының 9-16 күндері аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерімен  облыс орталығында «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған іс-шараға көші-қон қызметі, патрульдік полиция және учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Іс-шараның  барысында  полиция органдарына әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  266 тұлға жеткізіліп, баланы тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамаған 24 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда тиісу, қайыршылық  жасаған 99  азамат  -ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабын, 79 – ӘҚБтК-нің 517-бабы 1-бөлігімен (ҚР тіркеусіз болу, мерзімінің аяқталуынан кейін 3 тәулікке дейінгі мерзімде ІІО-на келу), 26 – ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен (тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жай бойынша тұрмау, транзит қағидаларын сақтамау),  38 – ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (жүзеге асыратын қызметі визада және тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы).

 Сондай ақ, іс-шара аясында облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 10 бала жеткізілді. Оның біреуі қайыршылықпен айналысқан,  9-ы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта  тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін орналастырылды. Жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: