Қызылордада «Партия паркін бірге қалыптастырамыз» акциясы өтті (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада «Партия паркін бірге қалыптастырамыз» акциясы өтті (ФОТО)

19.11.2019, 17:00

282 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық нұротандықтар Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Партия паркін бірге қалыптастырамыз» атты акция өткізіп, қала шетінен арнайы партия алеясын жасақтады.

Бір қызығы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылған акция Арал ауданын басталып челендж арқылы өзге аудандарда да жүзеге асқан. Бүгін аталмыш челленджі облыстық партия филиалының аппараты, Қызылорда қалалық және Тұран, Теміржол филиалдары мен бірге Жалағаш аудандық партия филиалынан қабылдап, қорытындылап отыр.

Акция аясында аудандық партия филиалдары 500 ағаш отырғызса бүгінгі акцияға барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлерлері, мәслихаттардағы фракция мүшелері мен аудандық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, жасотандықтар қатысып, 500 түп терек, 30 туя ағашын отырғызды. «Нан бар жерде, ән бар» деген ниетпен шара барысында «Бауырсақ пати» ұйымдастырылып, тал егушілер бір-біріне ыстық бауырсақ үйлестірді.

«Акцияның негізгі мақсаты туған жерді гүлдендіру, жасыл желекке айналдырып, экологиялық акцияға үлес қосу және «Тұңғыш Президент» күні мерекесі қарасаңында Елбасы, Төрағалық ететін «Nur Otan» партиясының жасыл алеясын қалыптастыру болып табылады, деді облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова.

Халықымызда «Мың жылдығын ойлаған ағаш егеді. Атадан мал қалғанша – тал қалсын. Бір тал кесең- он тал ек» – деген даналы сөздер бар. Тағлымы мол акцияны жалғастыруды қызылордалық нұротандықтар барша жерлестерімен қатар өзге өңірлердегі партияластарына жолдады.

0

Пікір қалдыру