Қызылордада «Парасатты отбасы» байқауы өтті (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада «Парасатты отбасы» байқауы өтті (ФОТО)

19.11.2019, 16:40

606 2

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында «Парасатты отбасы» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.  

Байқауды Қызылорда облысының білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Байқау шарты бойынша қатысушыладың балалары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттерден хабардар болуы тиіс болды.

«Парасатты отбасы» бейнеролик байқауы «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесі аясында парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, парасатты тұлғаны дамыту, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында өткізілді.

Сайыстың облыстық кезеңінде қатысушылар «Менің отбасым» тақырыбында бейнероликтер әзірледі. Бейнесюжеттер арқылы сайыскер отбасылардың еңбектегі, оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақыттарын қалай өткізетіндігі жайында пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынды. Қатысушылар «Менің отбасым» тақырыбында бейнероликтер әзірледі.

Байқау талабына сай Арал ауданы Жандәулетовтер отбасы І орынды иеленді. Ал ІІ орынды қазалылық Жарылқасыновтар қанжығаға байласа, Жаңақорған ауданынан келген Салыбековтер отбасы ІІІ орынға жайғасты.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін бейнероликтер байқауының аудандық, қалалық кезеңдері өткізіліп, үздік деп танылған бейнеролик облыстық кезеңге жіберілді.

2

Пікір қалдыру