Қызылордада пара алған майор әйелге қатысты нақты деректер белгілі болды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада пара алған майор әйелге қатысты нақты деректер белгілі болды

20.11.2019, 15:40

508 0

Kyzylorda-news.kz. Пара алып ұсталған Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімі Көші-қон қызметінің бастығына қатысты нақты деректер шықты.

Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы, полиция майорын әшкереледі.

0

Пікір қалдыру