**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Пара алып ұсталған Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімі Көші-қон қызметінің бастығына қатысты нақты деректер шықты.** Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр. Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы, полиция майорын әшкереледі.